Заң жобасынан блогерлерді тіркеу нормасы алынып тасталды

Заң жобасынан блогерлерді тіркеу нормасы алынып тасталды

Заң жобасынан блогерлерді тіркеу нормасы алынып тасталды
ашық дереккөзі
Қоғамдық талқылау нәтижесінде ақпарат және коммуникацияға қатысты заң жобаларынан бірқатар нормалар алынып тасталды. Бұл жөнінде Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Қымбатты достар, біздің министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша түрлі алаңдарда қоғамдық талқылау өткізуде. Бұл процеске сарапшылар мен журналистер және азаматтық сектор тартылуда. Талқылаудың барлық кезеңінде қатысушылар айрықша назар аударған нормалардың бірі жасырын пікір қалдырушылардың алдын алу (деанонимизация) мәселесі болды», - деп жазды министр. Атап айту керек, бұл норма троллингке, тексерілмеген ақпараттарды тарату мен арандатуға, экстремизмді насихаттау мен әлеуметтік жанжалдарға шақыруға қарсы күреске бағытталған.  Дәурен Абаевтың айтуынша, жұмыс тобы отырыстарының шеңберінде сарапшылар мен журналистер тарапынан блогерлерді тіркеу ұсынысына қатысты да көптеген ескертпелер түсіпті. «Біз бұл нормада желідегі танымал қолданушылардың БАҚ-пен теңестірілуін және бұл процестің ерікті түрде атқарылуын қамтамасыз етуді көздеген болатынбыз. Министрлік барынша ашықтықты ұстанғандықтан және қоғамның әрбір ұсынысын ескеруді жөн көргендіктен, бүгін аталған нормаларды Заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылданды», - деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.