Денсаулық сақтау вице-министрі ата-аналарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау вице-министрі ата-аналарға үндеу жасады

Денсаулық сақтау вице-министрі ата-аналарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова балалар арасында жаппай тарап жатқан вирусқа байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz. Вице-минстрдің сөзінше, Қазақстанда 1 қазаннан бері 2,2 миллион ЖРВИ жағдайы және 2 284 тұмау тіркелген, оның 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Бас санитар дәрігер қазақстандықтардың кішкентай балаларды адам көп жиналатын орындарға апармауды және сақтануды өтінді.
«Ата-аналарға қарата айтқым келеді. Қазір әлеуметтік желілерде кішкентайларының температурасы көтеріліп, түспей жатқанын жеткізген ақпарат тарады. Сондықтан мен мынаны айтқым келеді: балалардың денсаулығын сақтаңыздар, дәл қазіргі ЖРВИ және тұмау жағдайын ескеріңіздер. Адам көп баратын жерге балаларды апарудың қажеті жоқ. Оның үстіне балалардың вирусты жеңуі қиын, бұл физикалық ерекшеліктері мен көп байланыс орнатуларына байланысты. Сондықтан жаңа жыл қарсаңында және жалпы қаңтар айы бойы ауырып жатқан баланы мектепке, балабақша және сауда орталықтарына апармауға тырысыңыздар», - деді Айжан Есмағамбетова.