«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Жаяу бұрқасын, оңтүстік пен оңтүстік-батыста көктайғақ күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - делінген хабарламада.