Үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті

Үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті

Үлкен Джордж Буш ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың ауруханаға түскенін биліктің ресми өкілдері растады. Бірақ қандай сырқатқа шалдыққаны айтылмайды. Қазір 92 жастағы саясаткердің жағдайы қалыпты. 2014 жылы Буш пневмония дертімен екі мәрте ауруханаға жатып шықса, 2015 жылы мойынын жарақаттап жеті апта ем қабылдаған. Джордж Герберт Уокер Буш 1989-1993 жылдары АҚШ президенті болды. Оған дейін вице-президент, Республикалық партияның мүшесі болған. Орталық барлау қызметіне де басшылық жасады. Жұбайы Барбара Пирс екеуі алты бала тәрбиелеген. Бір ұлы, кіші Джорд Буш АҚШ-тың 43-ші президенті, екінші ұлы Джеб Буш Флорида штатының губернаторы болды.  Қазір үлкен Буш Хьюстонда тұрады.