2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды

2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды

2-сынып оқушысы суық тиіп қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қарағандыда дене қызуы көтерілген 2-сынып оқушысы таңертең оянбай қалған деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап. Мәліметке сүйенсек, қыздың қызуы көтерілген. 17 желтоқсанда ата-анасы оны ауруханаға алып келген. Дәрігерлер баланы емдеу мекемесіне қалдыруды ұсынды, бірақ анасы мен әкесі ауруханаға жатқызудан бас тартады. 8 жасар қызды үйіне жеткізіп, дене қызуын дәрі-дәрмекпен түсірген. Алайда ол келесі күні таңертең оянбаған. Қазір кенеттен болған өлімнің жай-жапсары мен себептері анықталып жатыр. Мектепте белсенді дезинфекция жүргізіліп, микробтарды жою үшін сыныптар жуылып, барлық оқушыларды кезекші медбике тексеріп жатыр.