Қазақстанға келген Украинаның азаматтары есірткімен айналысқан

Қазақстанға келген Украинаның азаматтары есірткімен айналысқан

Қазақстанға келген Украинаның азаматтары есірткімен айналысқан
ашық дереккөзі
Алматы облысында есірткі сатумен айналысқан Украинаның 2 азаматы ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, шетел азаматтары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Балтабай ауылының шетінен есірткі жасайтын зертхана ашып, оны есірткіге тәуелді адамдарға сатумен айналысқан. Осы жағдайды сыртынан біліп, бақылап жүрген Қарашығыл аңшылық шаруашылығының қорықшылары облыстық Полиция департаментіне хабарлаған. Осыдан кейін Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары күдік тудырған Украина Республикасының 43 және 28 жастағы 2 азаматының автокөліктерін тексеріп, олардан қара түсті пакетті тапты. Пакеттен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді. Одан кейін Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады. Бұл жерден Украинаның тағы 6 азаматы ұсталды. Олардан зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленді. Тінту кезінде шамамен 30 келі есірткі заты табылды. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы жүргізетін болады. Қылмыстық іс ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды.