Павлодарда ер адам 25 телефон ұрлаған

Павлодарда ер адам 25 телефон ұрлаған

Павлодарда ер адам 25 телефон ұрлаған
ашық дереккөзі
Павлодарда белгісіз біреу сатушыны байлап, ұялы телефон дүкенінен 25 смартфон мен ірі көлемдегі ақша ұрлап кетті деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қамзин көшесінің бойындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушы әйелге тап берген. Оны пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап, 25 дана iPhone және жалпы сомасы 305 мың теңгеден астам ақшаны қолды еткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - шамамен 12 миллион теңге.
Полицейлер Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі көлемде жасалған тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Осы бап бойынша кінәлілерді 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаменті.