Оңтүстік Корея дабыл қағып, әскери ұшақтарын көкке көтерді

Оңтүстік Корея дабыл қағып, әскери ұшақтарын көкке көтерді

Оңтүстік Корея дабыл қағып, әскери ұшақтарын көкке көтерді
ашық дереккөзі
Оңтүстік Корея әскери ұшақтары мен тікұшақтарын көкке көтерген. Алайда бұл жалған дабыл болып шыққан. Әскерилер дабылды Солтүстік Кореяның дрондары екен деп ойлаған. Оңтүстік Корея солтүстік-батыстан, қос Корея арасындағы шекара маңынан белгісіз бір заттардың көкке көтеріліп, ұшып келе жатқанын көрген және әскерді соғыс жағдайына дайындаған. Алайда бұл тізбектеліп ұшып келе жатқан құстар екен.
«Бұл оқыс оқиға болды, Солтүстік Кореяның дрондары екен деп қалған қаупіміз, жай ғана бір топ құстар болып шықты», - деп мәлімдеді Оңтүстік Кореяның Біріккен орталық штабы.