Мирзияев туған ауылға "Ақ мешіт" тұрғызып жатыр

Мирзияев туған ауылға "Ақ мешіт" тұрғызып жатыр

Мирзияев туған ауылға "Ақ мешіт" тұрғызып жатыр
ашық дереккөзі
Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзияевтың туған ауылы Жызақ облысы Заамин ауданына үлкен мешіт тұрғызып жатыр. 13 ғасырдан бері келе жатқан "Қажы Ахрора Уәли" тарихи кешенінің құрамына кіретін "Халида ибн әл-Уалида" деп аталатын мешіттің орнына салынып жатқан ғимаратқа тұрғындар Ақ мешіт деген атау да беріп үлгерген.
Заамин ауданы тұрғындарының айтуынша, мешіт Өзбекстан президентінің бұйрығымен салынып жатыр. Ақпаратқа қарағанда, мешіттің құрылыс жұмысы қаңтар айының басында басталған. 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында аяқталуға тиіс. Жызақ белсенділері бірінің сөздеріне қарағанда, алдында құрылыс жүріп жатқан жерде шағын мешіт болған. Маңында тұратын адамдар сол жерге барып намаз оқитын. «Құрылысқа 3 гектар жер бөлінген дейді. Бірақ құрылыс жөнінде қандай да бір нақты ақпарат алу мүмкін емес. Себебі жергілікті шенеуніктер бұл аймаққа ешкімді жібермейді», – дейді ол. Алайда әлеуметтік желілерде жаңа мешіт құрылысының суреттері тарап кеткен.