Жаңалықтар

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ұсталды

ашық дереккөзі

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі ұсталды

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселқорғау» басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Кәрім Көкірекбаевтың пара алып жатқан жерінде ұсталғанын растады. Айта кету керек, Кәрім Көкірекбаев 2019 жылы 69 жасында «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің төрағасы болып тағайындалған болатын. 2013-2018 жылдар арасында Жамбыл облысы әкімі болған.