Жаңалықтар

Еңбекші ауданындағы жолдарға жөндеу жұмысы жүргізілді

ашық дереккөзі

Еңбекші ауданындағы жолдарға жөндеу жұмысы жүргізілді

Қараша айында Еңбекші аудандық партия филиалына жергілікті тұрғындардың атынан Абен Мейіржан аудандағы Тастақ көшесінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап, өтініш білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Аталған мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Есілбек толыққанды танысып шықты. Нәтижесінде қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  ықпалымен «Оңтүстік ғимарат» ЖШС тарапынан жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін болып шешті. 2022 жылдың қараша айының соңында мәселе оң шешімін тауып, аталмыш көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт қабаты төселінді.