Жаңалықтар

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй тағы жылусыз қалды

ашық дереккөзі

Екібастұзда бірнеше тұрғын үй тағы жылусыз қалды

Екібастұздағы бірнеше үй жылу беруден уақытша ажыратылады деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, жылу желісінің кейбір учаскелерінде ауыстыру жоспарланып жатыр. Ал қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Строительная – Павлов көшелерінің қиылысындағы үйлерде сағат 9-дан 15-ке дейін жылу болмайды. Сондай-ақ екі көшедегі жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау тоқтатылады. Естеріңізге салсақ, Екібастұз 27 қарашаға қараған түні 30 градус аязда жылу мен ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды. Екібастұзда жылу желілері қалпына келтіріліп жатқанда қала тұрғындары бірнеше күн бойы сусыз және жылусыз отырды.