Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды

27 желтоқсан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебесі қайтарылды Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қызметіне: ҚР ҰҒА жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүреді. Еске салсақ, биылғы 1 маусымда Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттен қаржы бөліп, мемлекеттік мәртебе бере отырып, Академияның рөлін арттыруды тапсырған болатын. Академиктердің ұсынысы бойынша Үкімет ҰҒА-ны трансформациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрды. Оның негізгі міндеті Академия қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру болды.