Бір күнде 175 қазақстандықтан коронавирус анықталды

27 желтоқсан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Бір күнде 175 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлады turkistan.kz. 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирустан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 9 адамның жағдайы ауыр, – 8 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.