Бүгін ауа райы қандай болады?

27 желтоқсан, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Бүгін ауа райы қандай болады? Қазгидромет синоптиктері 27 желтоқсан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.