Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Қазақстандық теннисшілердің рейтингі жаңартылды
ашық дереккөзі
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сында рейтингтердің жаңартылған нұсқасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Үздік үштікке испандық Карлос Алькарас пен Рафаэль Надаль, сонымен қатар норвегиялық Каспер Рууд енді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-қатарда қалды, Тимофей Скатов 142-орнын сақтап қалды, ал Михаил Кукушкин әзірге 188-орынға жайғасты. Жұптық сайыста бірінші орында бұрынғысынша голландиялық Уэсли Кулхоф пен британдық Нил Скупски тұрса, үшінші орынды америкалық Раджив Рам иеленді. Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов 47 және 50-орындарды сақтап қалды. Багель 170-орында.