Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады

ашық дереккөзі

Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Бүгін елдің шығысында Корея Республикасының әскери ұшағы құлады, екі ұшқыш ұшақтан эвакуацияланып үлгерді деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті БАҚ қызметінің хабарлауынша, КА-1 жойғыш ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:40 шамасында Сеулден шығысқа қарай 140 шақырымдай жерде орналасқан Хвенсон округінде құлады. Екі ұшқыш жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ұшақ далаға құлады. Әзірге тұрғындардың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Әскери билік апаттың нақты себебін анықтап жатыр.