Футболшы Пелеге алтын табыт әзірленді (ВИДЕО)

Футболшы Пелеге алтын табыт әзірленді (ВИДЕО)

Футболшы Пелеге алтын табыт әзірленді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бразилияның «Сантос» клубы тоқ ішек қатерлі ісігінің асқынуынан ауруханада ауыр халде жатқан футбол королі Пеле үшін өз стадионында алтын табыт орнатты деп хабарлады turkystan.kz. Аты аңызға айналған экс-форвард қайтыс болған жағдайда, арена жанкүйерлер жиналатын орынға айналады деп жоспарланған. Стадиондағы зәулім шатыр ішінде әлемнің үш дүркін чемпионының бейнесі безендірілген алтын табыт дайын тұр. Пеле қазан айында 82 жасқа толды. Соңғы кездері оның денсаулығы нашарлап кеткен. Оған былтыр ота жасалған. Кейін футбол королі жағдайының нашарлауына байланысты бірнеше рет шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған. Пеле 18 жыл бойы «Сантоста» ойнаған. Кейінірек америкалық «Нью-Йорк Космос» үшін тағы үш маусым ойын өткізді.