Елорда тұрғыны бұрынғы көлігін ұрлаған (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны бұрынғы көлігін ұрлаған (ВИДЕО)

Елорда тұрғыны бұрынғы көлігін ұрлаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Астана тұрғыны бұрынғы көлігін ұрлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Daewoo Nexia автокөлігін айдап әкетуге қатысы бар 19 жастағы жігітті ұстады. Тергеу барысында көлік құралы бұрын оған тиесілі болғаны анықталды. Бір жыл бұрын жүргізуші шетелдік есепке алынған Daewoo Nexia автокөлігін қазақстандық есепке алынған автокөлікке айырбастаған. Алайда біраз уақыттан кейін қазақстандық есепке алынған автомобиль бұзылып, жүргізушілер арасында жанжал туындаған. Бірнеше күн бұрын автокөлік сату сайтын қарап отырып, жігіт өзінің бұрынғы Daewoo Nexia көлігін сату туралы хабарландыруға тап болған. Көп ойланбастан жүргізуші көлікті ұрлауға шешім қабылдап, жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барған. Қосалқы кілттермен ол көлік құралын іске қосуға тырысқан, алайда көлік оталмағаннан кейін ол манипулятордың қызметін пайдаланған. Кейін көлік оталған соң, күдікті үйіне жол тартқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.