Жаңалықтар

«Олимптің» бұрынғы басшысына іздеу салынды

ашық дереккөзі

«Олимптің» бұрынғы басшысына іздеу салынды

Ресей Ішкі істер министрлігі кәсіпкер Дмитрий Давыдовқа іздеу салды. Бұл туралы Interfax.ru сайты жазды деп хабарлады turkystan.kz. 16 желтоқсанда Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған.  Давыдовтың дерегі бар карточка 26 желтоқсанда министрліктің іздеу базасында пайда болған. Онда кәсіпкердің қай бап бойынша ізделіп жатқаны көрсетілмеген. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Давыдов «Олимп» букмекерлік фирмасының иесі болған. Ол істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Ресейді дамытудың 20 идеясы» авторлық жобасын жасады деген күдікке ілінген.