Жаңалықтар

Балтабай Әбдіғазиұлының мерейтойына арналған конференция өтті

ашық дереккөзі

Балтабай Әбдіғазиұлының мерейтойына арналған конференция өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлының 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи білім беру кеңістігіндегі филология ғылымы: дәстүр мен инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.    Конференция модераторы, институт директоры Алуа Таңжарықова жиынға офлайн және онлайн қатысып отырған мәртебелі қонақтардың өзі іс-шара маңыздылығын арттырып отырғанын жеткізді. «Балтабай Әбдіғазиұлының білікті ұйымдастырушылық пен жанашыр азаматтық тұлғасын бүгінгі қонақтардың ыстық ықыласынан да байқауымызға болады.  Бұл қадірлі ұстазымыздың өзінің адал еңбегімен шыққан биігі», – деп іс-шараны қорытындылады ол.