Жаңалықтар

Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі анықталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Астанада медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі анықталды (ВИДЕО)

«Нұрлы жол» вокзалының ауданында медициналық қалдықтар тасталған ірі қоқыс үйіндісі анықталды деп хабарлады turkystan.kz. Экология, геоология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, қоқыс 26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы «Нұрлы жол» вокзалының ауданында анықталды. «Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды», - делінген хабарламада. Тексеру барысында полигон шамамен көлемі 50 м³ құрайтыны анықталды.