Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды
Алматыда инкассатор көлігі автобусқа соғылды
Алматыда автобус инкассатор көлігіне соғылды деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсан күні таңғы сағат 7:40 шамасында Алмалы ауданында болған.
Соққыдан қолма-қол ақша жеткізетін көлік бүйіріне аударылып қалған.
«ГАЗ маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі Абай даңғылында, №141 үйге қарама-қарсы оңтүстік бағытта артқа бұрылып, Абай даңғылымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Golden Dragon автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан ГАЗ көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылған жоқ», - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.