Желіде Головкиннің жапон боксшысына берген шапанының фотосы тарады

Желіде Головкиннің жапон боксшысына берген шапанының фотосы тарады

Желіде Головкиннің жапон боксшысына берген шапанының фотосы тарады
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстағы жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты. Еске салсақ, 9 сәуір күні Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9-раундта нокаутқа жіберген еді. Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды. Жекпе-жектен кейін GGG жапондық қарсыласы Риота Муратаға шапанын тарту етті.