Жаңалықтар

Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

ашық дереккөзі

Оралда сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалған

Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған деп хабарлады turkystan.kz. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау сағат 10.03-те түскен. «Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған», - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері. Ақпаратты полиция да растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.