Психологиялық тест: кесені қалай ұстайсыз?

Психологиялық тест: кесені қалай ұстайсыз?

Психологиялық тест: кесені қалай ұстайсыз?
ашық дереккөзі
Суретке қарап, ойланбай біреуін ғана таңдаңыз. 1. Сенімді Өзіңізге өте сенімді адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деген қағидамен өмір сүресіз. Мақсатқа жету үшін бас көтермей еңбек етуге дайынсыз. Адал жансыз. Өзгелердің де шыншыл болғанын талап етесіз. Сынды көтере білесіз. 2. Тартымды Көңілді, ашық жүзді адамсыз. Үйлесімділікте өмір сүргенді ұнатасыз. Адамдармен ымыраға тез келесіз. Тым сенімді болмасаңыз да, өзіңізді бағалай білетін жансыз. 3. Сабырлы Еркіндікті жақсы көретін адамсыз. Досқа адал жансыз. Өзгенің құпиясын сақтай білесіз, пікірімен санаса аласыз. Өте сабырлысыз. Кез келген мәселені ақылға салып барып шешесіз. Десе де, өте көп уайымдайсыз. 4. Сезімтал Кез келген ортаға тез бейімделіп, шулы кештерге қатысқанды ұнатасыз. Әрқашан көмекке дайын тұрасыз. Қажет кезде кеңес беруге дайынсыз. Десе де, өз сезімдеріңізді жиі тежейсіз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді.