Жаңалықтар

Павлодарда граната жармақ болған ер адам ұсталды

ашық дереккөзі

Павлодарда граната жармақ болған ер адам ұсталды

Павлодарда граната жармақ болған ер адам ұсталды. Саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түскен. «Пәтерде 47 жастағы мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесуге тырысқан. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған», - деді департаментте. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген.