Жаңалықтар

Елордада «Astana Muz Fest» қысқы фестивалі өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Елордада «Astana Muz Fest» қысқы фестивалі өтіп жатыр

Астанада EXPO көрме кешенінің алаңында «Astana Muz Fest» ауқымды қысқы фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара қала тұрғындарының бос уақытын пайдалы өткізу үшін ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Осы демалыс күндері, яғни 24 және 25 желтоқсанда балаларды аниматорлармен ертеңгілік өтеді, кәсіби мамандармен коньки тебу сабақтары ұйымдастырылады.