Елордада «Astana Muz Fest» қысқы фестивалі өтіп жатыр

Елордада «Astana Muz Fest» қысқы фестивалі өтіп жатыр

Елордада «Astana Muz Fest» қысқы фестивалі өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Астанада EXPO көрме кешенінің алаңында «Astana Muz Fest» ауқымды қысқы фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара қала тұрғындарының бос уақытын пайдалы өткізу үшін ұйымдастырылды деп хабарлады turkystan.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.  width= Қысқы фестиваль 25 желтоқсанға дейін жалғасады. Бір апта ішінде EXPO көрме орталығының жанындағы мұз қалашығы елорда тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын пайдалы өткізуге арналған орын болады. Мұнда конькимен сырғанап, мүсіндер мен фотоаймақтар жанында суретке түсуге болады. Сонымен қатар іс-шарада аниматорлардың ойындары, би жарыстары, арқан тарту, балаларды коньки тебуге үйрету, эстафеталар және т.б. ұйымдастырылады. Келушілер іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықтар ұтып ала алады.  width= Осы демалыс күндері, яғни 24 және 25 желтоқсанда балаларды аниматорлармен ертеңгілік өтеді, кәсіби мамандармен коньки тебу сабақтары ұйымдастырылады.