Жаңалықтар

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ашық дереккөзі

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Астана қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстікте, шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.