Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Футболдан әлем чемпионы қайтыс болды (ФОТО)

1966 жылғы әлем чемпионатының чемпионы атанған Англия құрамасының футбошысы Джордж Коэн 84 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ол ойнаған ағылшындық «Фулхэм» клубының баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz.

Өлім себебі жайлы нақты ақпарат жоқ.

Коэн «Фулхэм» сапында 459 ойын өткізіп, 6 гол соққан. Ол Англия құрамасы үшін 37 ойынға қатысқан. 1966 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткенде Коэн шешуші голдың соғылуына себепкер болған. Бұл Португалияға қарсы жартылай финал болатын (2:1). Қорғаушы тізесінен ауыр жарақат алған соң 29 жасында мансабын аяқтаған. 2000 жылы Коэн Британ империясының 5-дәрежелі орденіне ие болды, ал 2009 жылы ол ағылшын футболының даңқ залына енгізілді.

Коэн 1966 жылы чемпион атанған команданың қайтыс болған 17-ші ойыншысы. Қазіргі уақытта Англияның чемпион командасынан бес адам ғана тірі. Олар:  Бобби Чарлтон, Джордж Истхэм, Ян Каллагэн, Терри Пэйн және Джефф Херст.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button