Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
ашық дереккөзі
19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды. Комиссияның 2022 жылғы жұмысы қорытындыланды. Сондай-ақ комиссияның 2023 жылға арналған жұмысының жоспар-кестесі бекітілді.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қаңтар айының соңында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.