«Тізерлетудің амалын жасаймыз»: Батыр Жүкембаев қарсыласына сес көрсетті

«Тізерлетудің амалын жасаймыз»: Батыр Жүкембаев қарсыласына сес көрсетті

«Тізерлетудің амалын жасаймыз»: Батыр Жүкембаев қарсыласына сес көрсетті
ашық дереккөзі
24 желтоқсанда қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) ОАР тумасы Ксолани Мкотелимен (19-7, 12 КО) жұдырықтасады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл Батырдың елдегі ең алғашқы айқасы. Батыр былтырғы желтоқсан айында Канадада мексикалық қарсыласын 69 секундта нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткен болатын. «Батыр жаһандық деңгейдегі боксшы. Оның соңғы екі айқасын жақсылап зерттеп шықтық. Әр мықтының осал тұсы болады. Мен соның ертең кілтін табуға тырысамын. Бұл жекпе-жекке үрейсіз, тыңғылықты әрі сенімді түрде келіп отырмын», - деді Мкотели баспасөз барысында. «Чемпиондық биікке шығу жолындағы сынақтың бірі осы. Мен дайынмын. Туған жердегі алғашқы айқасым өзгеше рух береді. Қарсыласым осал емес, ұзаққа шауып үйренген боксшы. Тізгінін тартып, тізерлетудің амалын жасаймыз ертең. Жеңісіммен елді қуантуым керек. …Теренс Кроуфордпен АҚШ-та бір ай оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Одан үйренгенім көп. Әлемнің үздік боксшысы сәттілік айтып, жеңіс тіледі», - деді Батыр Айта кетейік, бокс кеші бүгін Алматыдағы SADU Arena-да өтеді.