Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Екібастұз қаласында жаяу жүргінші көз жұмды

Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда сағат 10:45-те болған деп хабарлады turkystan.kz.

«ВАЗ-217030» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Екібастұз қаласындағы Қ.Нұралин көшесімен жүріп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, – деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button