Жаңалықтар

Екібастұз қаласында жаяу жүргінші көз жұмды

ашық дереккөзі

Екібастұз қаласында жаяу жүргінші көз жұмды

Қайғылы оқиға 23 желтоқсанда сағат 10:45-те болған деп хабарлады turkystan.kz. «ВАЗ-217030» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Екібастұз қаласындағы Қ.Нұралин көшесімен жүріп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. - Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.