Сенбі, 25 Наурыз, 2023

2026 жылға дейін Қызылорда облысында 21 мектеп салынады

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында өткен кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды деп хабарлады  turkystan.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстағы ағымдағы жағдай туралы өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Оның хабарлауынша, осы жылдың 11 айында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны жоғары болды. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29,5%-ға, ал инвестициялар тарту қарқыны 31,3%-ға ұлғайды. Облыста 28 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, 366 км автожол жөнделді және 604 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

aLVtq7L8hpiJTzu XoQG06hToE1qHOg5hXPVo5ubWIdKR6Eg9YApWsYYvndR0AexD7UUBP0g3s9Weiv33dMl3ac JKvG093CM3Ltsi2WI42aLNKcj9yz9AQDNMTH FnxPqwOczkt12p8TkDiI Bchu5cxJShah E8HPk3a61MNXlwtMSyaESZo2t21nRUwӨңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің өсу қарқыны туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады. Сондай-ақ кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, жол инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын, облысты электрмен, жылумен және газбен жабдықтау жүйелерін дамыту, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар қаралды.

1QWXjU9HSti FzLVePoRPrFREurLWtu4p ewX8rhTN4VFDZCVC HADAvT ht3CGJw1QQZ6gByWJhWIliVSPsq ExYqPfMUeE91 1miwkZAbCNTOIeecnLgfx3qGt a26BRzTOWBVGkDeWTYYpf2kVzxcORJQdKsxMqy8Dfq Kfv2uOcpnd4nGtwADjvJAПремьер-министр Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспарында өңірлік даму мәселелеріне, оның ішінде олардың дербестігін арттыруға және өңірлік диспропорцияны төмендетуге баса назар аударылғанын атап өтті.

q3Vp3n4PXlhP2SURkXYVvKMkjtMqC9RRgIT8GqaxCtYCVU2aAT0 fUzcVMhPdRdWBSnEdB1OFbtO2ogpWUj6oOPIr9aKxmgeX2kNR uZCDlCTr

«Іс-шаралардың барлығы қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отыр», – деді Әлихан Смайылов.

TReo9DL0kitMkiZKQhC6COD8GS1NB WvCu72gSPtvvu9NIb 8osKRdS3siAU9LhQiZZSkuO6cl6EKoH xUbch6Caj3GkpX67WZ7CG5zbutjC hAecndutQmLX97O7HfGlmpLziyTOg25Wcc0w1hTZОның айтуынша, биыл бекітілген ұлттық жобалар аясында облыста 2026 жылға дейін 15 мыңнан астам оқушыға арналған жаңадан 21 мектеп, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге арналған 27 объект салынып, 4 аудандық аурухананы жаңғырту жоспарланған. Одан бөлек, ауылдық жерлерге келетін медицина мамандарын әлеуметтік қолдау мәселелері шешіледі.

G zpYV zgCCq57ToNsQDAP9f695IfFgfQSDEJFzp3h6T2ZTJlaGa8nVgMGjmnFDQmOrJuArpbU1k5C747KR5A7HKod9j9EUH 5YoEndnRG6zSJHc3eYo M4iCjcg6P4KK3gXcpYQC3g6hvt95FHI4YEw4DVfScAkvXJ uICLrcoqWM2bbcjyHkmcQ99RewПремьер-министр Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының үш жылдық Кешенді жоспарын іске асыру аяқталып қалғанын еске салды. Соның арқасында халықты газдандыру және сумен қамтамасыз ету деңгейі, тұрғын үй құрылысының қарқыны және басқа да негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер артты. Жалпы өңірлік өнім көлемі номиналды мәнде 279 млрд теңгеге өсті, облыс экономикасына шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жоспардың 25 іс-шарасы орындалмай қалды.

Y1RVAq JPzB43yNI7 Y1Q7arSF0r05Q8UsO31JJv2Dga7kx7Rd9abqxocedV RQPeaoRcnPnHeL1zHgjRS6WTeMoO4Uz72bYs 3a5UH5mtEPa7WuKkqtYlcmN7Z7IСонымен қатар Әлихан Смайылов өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Биыл облыста жеке инвестициялар есебінен құны 6,5 млрд теңге болатын 7 жобаны аяқтау жоспарлануда. 1 трлн теңгеден астам сомаға тағы 60-қа жуық жоба іске асырылып жатыр.

«Облыс әкімдігі олардың барлығын уақытылы іске қосып, жоспарланған жобалардың сапалы пысықталуын қамтамасыз етуі қажет», деді ол.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, облыс тұрғындарын жылумен, электрмен және сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

K3mDkNIwPU4iZxM GHg szyi63cWn3TIIpr2Qzdap9Z l000Fsg6RL of7nlU1s8TXUdryuGgBahilliEG52GZMXr9GdXQYpRIzQ Zl8KWpDJq6z5FtZYeYkdL6aQctqmHF4TxKGgLy84vXvtwfyr9dKyLw3Th4WKp2WuZDnNsrOkПремьер-министр Солтүстік Арал теңізінің жағдайына ерекше назар аударды. Оның көлемі соңғы жылдары азайып барады. Осыған байланысты ол суару технологиялары мен кезектілігін ұстануды және коллекторлық-дренажды суларды қайта пайдалануды, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыруды, жерлердің мелиоративтік жағдайына мониторинг жасауды күшейтуді, каналдардың жөндеу жұмыстарын жүргізуді, суару желісінің магистральдық және шаруашылық арналарын тазартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов 2023 жылдың 1-ші тоқсанының аяғына дейін экологиялық төлемдерді ескере отырып, коммуналдық сектор кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылдауды, 2025 жылдың соңына дейін Қызылорда-Жезқазған автомобиль жолының жергілікті учаскелерін қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды аяқтауды және облыстық жолдардың нормативтік жағдайын 95%-ға жеткізуді, кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылыс жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін инвестор тарту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ «Қараөзек» су қоймасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

mMFzdwj v5r1CpSIiEvE82LnuhrzWHqn yY1ps7M6ZdLqvibbXfoJEfMKK0UiAk0MYXhr m1bf90WKcn4wiNjZxZ7n2U5Eb9hnoJxdhUkUM9gKRcLqr3JNehMly3jvlYpxu9hnvCCyY15IKjbmhKulfqOACiXLeI7fPCqpKqcwJKqb0N6KZ a7foqPoFQБұл ретте Премьер-министр газдың ресурстық базасының болуын ескере отырып, облыстың елді мекендерін газдандыруды жалғастыру және Қызылорда қаласында перинаталдық орталық салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді жеделдету қажеттігін атап өтті.

Облысқа жұмыс сапары аясында Әлихан Смайылов С. Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің және мүмкіндігі шектеулі балаларға мамандандырылған көмек көрсететін «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмысымен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button