Өскеменде жоғалған 5 жасар бала табылды

Өскеменде жоғалған 5 жасар бала табылды

Өскеменде жоғалған 5 жасар бала табылды
ашық дереккөзі
Өскемен полицейлері жоғалып кеткен 5 жасар ұл баланы тапты деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 21 желтоқсанда сағат 17:13-те «102» жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті. Баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ барлық жеке құрамы көтерілді. Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды.
– 15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.
Табылған баланың анасы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.