Жаңалықтар

AMANAT партиясында табиғи монополиялардың қызметін реттеу мәселесі талқыланды

ашық дереккөзі

AMANAT партиясында табиғи монополиялардың қызметін реттеу мәселесі талқыланды

22 желтоқсанда Астанада AMANAT партиясы жанындағы Машина жасау Комитетінің отырысы өтті. Жиында табиғи монополиялардың қызметін реттеудегі негізгі мәселелер талқыланды деп хабарлады turkystan.kz. Атап айтқанда, Комитет төрағасы Амержан Рахымжанов табиғи монополиялар туралы Заңға өзгерістер енгізу, Ұлттық экономика министрлігіне табиғи монополиялар субъектілерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру және мониторинг бойынша құзырет беру мәселесін көтерді. Одақ төрағасының орынбасары Ерқанат Мұқанов табиғи монополиялар субъектілері тоқсан сайын өткізілетін сатып алулар туралы ақпарат беруге тиіс екенін айтып өтті. «Мемлекеттік сатып алуларда ұлттық режимнен алып тастау бар. Бұл кезде тауарлар тек отандық өндірушілерден сатып алынады. Табиғи монополиялар субъектілерін сатып алуда, менің ойымша, қазір бірде-бір қолдау жоқ», - деді Қазақстан машина жасаушылар одағы ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мұқанов.