Путин Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлыққа ие болды

Путин Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлыққа ие болды

Путин Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлыққа ие болды
ашық дереккөзі
Венесуэланың президенті Николас Мадуро елдің бұрынғы көшбасшысы Уго Чавес атындағы алғашқы әлемдік сыйлықтың РФ президенті Путинге берілетінін мәлімдеді. Мадуро баспасөз конференциясында: «Уго Чавес атындағы алғашқы әлемдік сыйлық Владимир Путинге беріледі. Маған бұл туралы арнайы комитет хабарлады. Мен Путинді әлемнің ұлы көшбасшысы деп санаймын», -деген. Николас Мадуро Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлықты 2016 жылдың қазанында тағайындап, оның бейбітшілік пен халықтар егемендігін сақтауға үлес қосқан тұлғаларға берілетінін айтқан болатын. Марапат ретінде берілетін Уго Чавестің мүсінін ресейлік суретші жасаған.