$25 млн: Марокко құрамасы ӘЧ-дағы жүлдесін кедей отбасыларға береді

$25 млн: Марокко құрамасы ӘЧ-дағы жүлдесін кедей отбасыларға береді

$25 млн: Марокко құрамасы ӘЧ-дағы жүлдесін кедей отбасыларға береді
ашық дереккөзі
Марокко құрамасының футболшылары Катардағы әлем чемпионатында алған жүлдені отанындағы кедей отбасыларға беретін болды. Бұл туралы журналист Халид Бейдун әлеуметтік желіде хабарлады деп жазды turkystan.kz. Африкадан келген құрама турнирде төртінші орынға ие болды. Қола медаль үшін болған матчта марокколықтар Хорватия құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Associated Press басылымының хабарлауынша, Марокко құрамасының футболшылары әлем чемпионатында өнер көрсеткені үшін 25 миллион доллар алған. Бұған дейін Халид Бейдун жартылай қорғаушы Хаким Зиеш Марокконың кедей тұрғындарына 325 мың доллар бергенін айтқан болатын.