Әлем чемпионы атанған Месси сынға ілікті (ФОТО)

Әлем чемпионы атанған Месси сынға ілікті (ФОТО)

Әлем чемпионы атанған Месси сынға ілікті (ФОТО)
ашық дереккөзі
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси ұлттық құрама қақпашысы Эмилиано Мартинестің жанында еш әрекетсіз күліп тұрғаны үшін сынның астында қалды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  Буэнос-Айрестегі чемпиондық шеру кезінде Эмилиано қолына Килиан Мбаппе бейнелеген қуыршақ ұстап жүрді. Футбол жанкүйерлері қақпашының жанында Мессидің де болғанын байқап, оның бұл әрекетке ешқандай қарсылық танытпағанына наразылығын білдіруде. Айта кетейік, Месси мен Мбаппе ПСЖ футбол клубында өнер көрсетеді.
«Мартинес осындай қылық істеп тұрғанда, Месси неге сонша риза? Келесі маусымда сол командаласымен Чемпиондар лигасында бірге өнер көрсетеді ғой!», «Мартинес көпшілік алдында Мабаппені мазақ етуде, ал оның жанында тұрған Месси ештеңе демеді», «Аргентина қақпашысының бұл әрекеті дұрыс емес, өкініштісі, Месси қасында күліп тұр» деп жазды желі қолданушылары.
 width=