Роналдудың қай клубқа ауысқаны белгілі болды

Роналдудың қай клубқа ауысқаны белгілі болды

Роналдудың қай клубқа ауысқаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  Marca басылымынан мәлім еткеніндей, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етпекші.
«Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Екі жарым жыл уақыт бойы Роналду ойыншы есебінде болмақ. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім елшісі ретінде қызмет етпек» деп жазды басылым.
Португалиялық жұлдыз келгеннен кейін «Аль-Наср» клубы бірқатар ойыншының қызметінен бас тартпақ. Бұл аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес пен өзбекстандық шабуылшы Жалолиддин Машариповке қатысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Роналду 2,5 жыл жарым уақыт бойы ойыншы ретінде маусым сайын 200 млн-дай еуро алады. Әлем чемпионатын өткізуге елші қызметіне кіріскеннен кейін бұл қаржы еселене түспек. Осылайша, 37 жастағы ойыншы жеті жылдық ынтымақтастық кезінде миллиард еуродан астам табыс таппақшы.