Жаңалықтар

Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанды

ашық дереккөзі

Жәмила Бақбергенова «Жылдың үздік спортшысы» атанды

Астана қаласында спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды деп хабарлады turkystan.kz. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, салтанатты кеш барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, бапкерлер, сала мен түрлі мекемелердегі таңдаулы мамандарды, спортшыларды марапаттады. Қазылар алқасы 14 аталым бойынша 20 үздікті анықтады.