Павлодарда 15 жастағы қыз сегізінші қабаттан құлап кетті
Павлодар қаласында көпқабатты үйдің терезесінен жасөспірім құлап, полиция тергеуге кірісті. Бұл туралы polisia.kz телеграм каналы хабарлады.
22 желтоқсанда сағат 17:08 шамасында Павлодар қаласының полициясына «қыз биіктіктен құлады» деген шақыру түсті. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы 2007 жылы туған қыз баланың Н. Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайындағы үйдің 8-қабатынан құлағанын анықтады. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 105-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.