14 жастағы қазақстандық Еуропада үздік жас теннисші атанды

14 жастағы қазақстандық Еуропада үздік жас теннисші атанды

14 жастағы қазақстандық Еуропада үздік жас теннисші атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) «Жылдың үздік шетелдік ойыншысы» аталымымен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан теннис федерациясының ақпаратынша, 14 жастағы Заңғар жылды Еуропадағы үздік 10 теннисшінің қатарында аяқтады. Биыл З.Нұрланұлы жекелей және жұптық сында екі реттен жарыс жеңімпазы атанды. Оған қоса, Франциядағы беделді турнирдің финалына дейін жетті.
«Аталған марапатты алғаныма өте қуаныштымын. Жыл бойы жақсы өнер көрсетуге тырысып, әр додаға бар күшімді салдым. Өз бапкерлерім мен үлкен қолдау жасаған Қазақстан теннис федерациясына алғысымды айтқым келеді. Алдағы жылы маған жасөспірімдер арасындағы ITF турнирлерінде ойнауға тура келеді. Онда да намысты қолдан бермеймін», - деді Заңғар Нұрланұлы.
Өткен жылы осы аталым бойынша тағы бір қазақстандық Зара Дәркен үздік шыққан болатын.