Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр

Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр

Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр
ашық дереккөзі
«Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 
«24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында «Өнер қырандарының» «Харекет қорына - 5 жыл» атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген», - делінген хабарламада.
Республика сарайының әкімшілігі, сонымен бірге, қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Айта кетейік, бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған «Жаңажылдық шоу» өткізіледі деп жоспарланған.