Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр

22 желтоқсан, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Прокуратура «Өнер қырандары» театрын тексеріп жатыр «Өнер қырандары» театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 
«24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында «Өнер қырандарының» «Харекет қорына - 5 жыл» атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген», - делінген хабарламада.
Республика сарайының әкімшілігі, сонымен бірге, қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Айта кетейік, бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған «Жаңажылдық шоу» өткізіледі деп жоспарланған.