Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты сотталды

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты сотталды

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты сотталды
ашық дереккөзі
Ақтауда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Ол «Каспий» ФК директорынан қамқорлық көрсету қызметі үшін ақша алған деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  Қараша айының соңында сот үкімі бойынша мәслихат депутаты Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Енді ол сот шешімі бойынша айыппұл төлейді. Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды. «Ахмет Салманов 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың шілдесіне дейін «Каспий футбол клубы» ШЖҚ МКК директорынан футбол клубын ұстауға облыстық бюджеттен қаржы бөлуге көмектескені үшін 766 000 теңге алған» деп жазылған Ақтау қалалық соты таратқан хабарламада. Үкім заңды күшіне енді.