Қазақстан Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар кәсіпорнын ашады

Қазақстан Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар кәсіпорнын ашады

Қазақстан Өзбекстанда минералды тыңайтқыштар кәсіпорнын ашады
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында екі елдің бірлескен бірқатар жобасы іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соның бірі – Өзбекстанның Науаи облысында фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорын.

«Қазфосфат» ЖШС және «Узкимёсаноат» АҚ қатысуымен жүзеге асырылатын өндірістің жобалық құны 1,3 миллиард долларды құрады.

Жобаның 2022-2024 жылдарға жоспарланған бірінші кезеңінде «Навоийазот» базасында калий селитрасы (100 мың тонна) мен калий сульфаты (100 мың тонна) өндірісін жолға қою жоспарланып отыр.

Аталған жоба аясында 150 жұмыс орны ашылады. Ал өндірістің екінші және үшінші кезеңдері Алмалық және Ферғана қалаларында жалғасады.