Батыр Жүкембаев алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді

24 желтоқсанда Алматыдағы SADU Arena-да биылғы жылдың ең жарқын бокс кеші өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған бокс кешінде сайысқа түсетін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев алдағы жекпе-жегі жайлы пікір білдірді.
«Мен алғаш рет өз елімде өнер көрсететініме қуаныштымын. Бұл маған екі есе мотивация береді.
Біз – кез келген аренада кез келген ауа-райында өнер көрсете білетін және әрқашан әсерлі жекпе-жек көрсетуге дайын жауынгерміз.
Қарсыласым – оннан астам 12 раундтық жекпе-жек өткізген боксшы. Оның 7 жекпе-жегі гонгқа қоңырауы соғылғанға дейін жалғасқан. Бұл оның үлкен тәжірибесі мен төзімділігінен хабар береді. Мен қарсыласымды нокаутқа түсіруге аса ұмтылмаймын. Мен үшін ең бастысы – жекпе-жекті сенімді жеңіспен аяқтау.
АҚШ-та бір ай бойы дайындалдым. Қазіргі уақытта әлемнің ең үздік боксшысы саналатын Теренс Кроуфордпен спарринг өткіздім. Жақсы тәжірибе алмасу болды. Жекпе-жекте сәттілік тіледі», – деді боксшы.
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!